АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 14 Наурыз 2022 03:02

АҚЖКК жоспарлы директораты туралы БАҚ-та талқылау

2022 жылғы 14 наурыз күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жоспарлы директорат өтті.

Күн тәртібінде «PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық барысы, педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты талдау, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері арасында «Тәрбиеші менің мамандығым, менің ықыласым» атты тәрбиеші конкурсын ұйымдастыру, сондай-ақ құтқару жұмыстары құзыреті бойынша «WorldSkills Kazakhstan» – 2021 өңіраралық конкурсқа дайындық барысы туралы мәселелер тұрды.

Аталған мәселелер бойынша директордың орынбасарлары, кафедралар меңгерушілері және бөлім басшылары есеп берді.

Колледж басшылығы мен әкімшілігі біздің студенттерді оқу өмірінің барлық маңызды аспектілерінде тәрбиелеп және білім бере отырып, ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту үшін тынымсыз жұмыс істеуде.