АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 11 Наурыз 2022 03:39

«Көлеңкелер театры» I фестиваль-байқауы

2022 жылдың 11 наурызында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Көлеңкелер театры» I фестиваль-байқауы өтті. Бұл іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты. Негізгі тақырыбы төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп, жақсы мінез-құлық және жануарларға ұқыпты қарау ережелеріне арналды.

Шақырылған қазылар алқасы:

  • Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры - Андросова Ксения Владимировна.
  • Ақмола облысы білім басқармасының Дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау орталығының әдіскері - Каиров Биржан Болатулы.
  • Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің орыс тілі және әдебиеті оқытушысы - Дашковская Евгения Викторовна.

Фестиваль-байқауының қорытындысы:

1 орын - НО-32С тобы;

2 орын - ПМНО-1 тобы;

3 орын - НО-2 тобы.

Аталған іс-шараның басты көрермендері № 12 орта мектебінің балалары және колледж ұжымының балалары.

АҚЖКК студенттеріміздің шығармашылық әлеуетін дамыту және білім алушылардың өз пайдасына оқыту жүйесін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істейді.

Медиа