АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 04 Наурыз 2022 04:10

Адалдық сағаты

2 наурыз 2022 жылы аты аңызға айналған ұшқыш-штурмовик, Қазақстан авиациясының генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновке арналған «Адалдық сағаты» ТЖ-11Б тобында өтті.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылынан. Талғат Бигелдиновтың  өмірбаяны мен қоғамдық қызметтері, марапаттары, шығармалары туралы мағлұмат берілді.

2014 жылы 10 қарашада қайтыс болып, Алматыдағы Кеңсай-1 зиратында жерленді.

Талғат Бигелдинов тек батырлықтың, ерліктің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен қарапайымдылықтың, қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсете білген жан.

Рахметова Р.З.