АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 02 Наурыз 2022 09:17

«Үй-жайдың қызметіне байланысты хабарлағыш өрт датчиктерін қолдану» тақырыбында ашық сабақ

2022 жылдың 28 ақпанында «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» азаматтық қорғаныс кафедрасында ПБ-22С(п.б.) тобында «Өндірістік және өрт автоматикасы» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Үй-жайдың қызметіне байланысты хабарлағыш өрт датчиктерін қолдану».

Сабақтың мақсаты - оқушылардың білімін кеңейту және жалпылау, әртүрлі классификациялар бойынша өрт датчиктерінің жұмыс принципімен таныстыру және жұмыс бөлмесінің қызметіне байланысты датчиктерді таңдау критерийлерін қарастыру.

Ашық сабақ барысында студенттер белсенді қатысты, өйткені олар осы тақырыппен үстірт танысқан болатын, бұл оқу материалын игеруге көмектесті. Алған білімдерін бекіту үшін студенттер әртүрлі объектілер мен үй-жайларға арналған хабарлағыш датчиктерін түрі мен классификациясын өз бетінше таңдады.

Балгожин Д.Е.