АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 02 Наурыз 2022 09:01

Диалог алаңы

2022 жылғы 1 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Деструктивті діни ағымдар ықпалының алдын алу» тақырыбында диалог алаңы өтті. Ұйымдастырушы - Көкшетау қ. ЖПҚБ ПБ ювеналды полиция бөлімі, Ақмола облысының ЕКБ ПД.

Бұл кездесудің мақсаты - студенттерге дін туралы ақпарат беру, деструктивті ағымдардың ықпалын болдырмау, өскелең ұрпақта есірткі заттарына тұрақты жиренішті тәрбиелеу.

Шақырылған қонақтар:

- Манатова Сания Абаевна - Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Діни конфессияаралық қатынастарды талдау орталығы» КММ дінтанушы маманы.

- Балтабаева Асель Булатовна – «ЖИТС орталығының» эпидимиолог дәрігері.

- Қайыр Қалихан Дұлатұлы - Көкшетау қ. ЖРО теологы.

- Курсанова Разия Талгатовна - полиция майоры, ЕКБ ПД жедел уәкілі.

Студенттер шақырылған қонақтармен әңгімелесуге және пікірталасқа белсенді қатысты.