АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 28 Ақпан 2022 10:39

АҚЖКК жоспарлы директораты туралы БАҚ-та талқылау

2022 жылғы 28 ақпан күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жоспарлы директорат өтті.

Директораттың қарауына келесі сұрақтар ұсынылды: практиканы ұйымдастыру және жеке тапсырмаларды орындау сапасын тексеру, сынып сағаттарын өткізу сапасын бағалау, «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу турының қорытындысы, педагогикалық орталықтың қызметін талдау, сондай-ақ ПОҚ қысқы спартакиадасының нәтижелері туралы.

Тақырып бойынша директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, орталық жетекшісі және «Тұлпар» спорт клубының жетекшісі баяндама жасады.

Әр мәселе егжей-тегжейлі қаралды. Талқылау барысында түрлі ұсыныстар мен шешімдер айтылды.