АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 25 Ақпан 2022 09:36

«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу туры

2022 жылғы 24 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде R-10 «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу турының ашылуы өтті. Чемпионат екі кезеңнен тұрады.

Чемпионаттың І кезеңінің байқау модульдері:

1.         Жауынгерлік киім мен сүзгілеу газтұмшаларын кию.

2.         Альпинистік дайындық: зардап шегушіге кигізе отырып қос бұғалықты байлау.

3.         ТЖ аймағынан жарылыс қаупі бар жүктерді іздеу және эвакуациялау.

Чемпионаттың ІІ кезеңінің байқау модульдері:

1.         Дәрігерге дейінгі көмек көрсету және зардап шегушіні жауынгерлік киімді пайдалана отырып тасымалдау.

2.         Оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу.

Біздің колледж жылдан жылға жоғары білікті мамандарды даярлау үшін оқу процесінің сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етуде.