АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 22 Ақпан 2022 03:13

Кәсіби орыс тілі бойынша ашық сабақ

21.02.2022 жылы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің азаматтық қорғаныс кафедрасы, ТЖ-21А тобында Төтенше жағдайларда адамның қауіпсіздігі мен қоғалуы бойынша терминдер тақырыбында ашық сабақ өтті.  

Сабақтың мақсаты: ТЖ-да адамның қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша терминдердің атауларымен және белгілерімен танысуға ықпал ету. Болашақ мамандықта осы терминдерді қолдану туралы жалпы мәліметтер беру. Білім алуға деген ұмтылысты тәрбиелеу, лексикалық қорды кеңейту, оларды лексиконыңызда салыстыра, талдай және қолдана білу.

Сабақ барысында білім алушылар тıрлі тапсырмаларды орындады, мәтіндермен, кітаптармен, сөздіктермен, үлестірмелі материалдармен жұмыс жасады. 

Оқушылар белсенді қатысып, пән бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Кокишева Анаргуль Кенесовна