АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 22 Ақпан 2022 03:22

Психология және өзін-өзі тану онкүндігінің бірінші күні

2022 жылдың 21 ақпанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде психология және өзін-өзі тану онкүндігінің бірінші күні өтті. Онкүндіктің мақсаты – білімалушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру жүйесін дамыту, білімалушыларды адами құндылықтар әлеміне баулу.

Жоспарды дайындауға және жүзеге асыруға өзін-өзі тану, психология және педагогика пәндерінің оқытушылары қатысты.

Онкүндіктің ашылуы фойедегі салтанатты шарамен басталды, онда 1 курс білім алушылары қатысты және көмек көрсетті.

Колледж фойесінде «Өзін-өзі тану» стенді безендіріліп, әр студент бір-біріне тілектерін қалдырды. Психолог Мазбаева Г.А және оқытушылар Бекназар А.Б., Бейсенбаева Г.А., Хаметова А.А., Збайраева К.Ж. бірлесіп «Өмір ағашы», «Тілектер күні – жақсылық,  бақыт» атты іс-шараларын өткізді.

Онкүндікті өткізуде оқытушыларға сәттілік және студенттерге табысты қатысуға тілектеспіз!