АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 21 Ақпан 2022 03:18

Жалпы білім беру пәндерінің Фестивалі

2022 жылғы 18 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жалпы білім беру пәндерінің Фестивалі өтті.

Бұл Фестиваль жалпы білім беру пәндерінің пәндік апталығын қорытындылады. Пән апталығы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісін дамыту, сондай-ақ студенттердің білім алу қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Оқытушылар студенттер мен әріптестер үшін түрлі іс-шаралар дайындады. Осылайша «Физиктер қалжыңдайды» зияткерлік ойыны, залмен викторина және химиялық баттл өтті.

Барлық қатысушыларды сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!