АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 18 Ақпан 2022 04:12

«Біз өмірді таңдаймыз» - жалпы білім беру пәндері апталығы аясында төртінші күні

«Біз өмірді таңдаймыз» - осындай ұранмен АҚЖКК жалпы білім беру пәндері апталығы аясында химия және биология күні өтті.

Таңертең шығармашылық жаттығудан басталды, онда студенттер мен оқытушылар өздерінің физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар биология, анатомия және химия саласындағы білімдерін көрсетті.

1 курс студенттері арасында биология және химия сабақтарында алған білімдері мен іскерліктерін көрсету үшін, биология оқытушылары Емельянова О.М. мен Смирнова Н.С. «Веселая биология» викторинасын, химия оқытушылары Жадрина Н.К. және Жупархан А.Ж. химиялық турнир өткізді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында биология пәнінің оқытушысы Тойлыбаева У.О. «Коучинг – здоровья» дайындады.  

Үзілістерде студенттер «Куда не пойдешь – в химию или биологию попадешь» атты химиялық-биологиялық квестке қатысты, онда логикалық тапсырмаларды шешіп, маршруттарды таңдады. 

Біздің колледж оқу процесінің сапасын жақсарту және дамыту үшін үнемі жұмыс істейді.