АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 17 Ақпан 2022 02:39

Жалпы білім беру пәндері апталығы аясында «Әлем нақты ғылымдар тілінде» үшінші күні

АҚЖКК жалпы білім беру пәндері апталығы аясында физика, математика және информатика пәндерінің оқытушылары өткізген күн «Әлем нақты ғылымдар тілінде» деп аталады.

Колледж студенттері мен оқытушыларын фойеде «Сандар сыр шертеді» математикалық ойынымен, физикадан «Точно в цель» зияткерлік ойынымен және «Крестики-нолики» танымдық-ойын-сауық ойынымен қарсы алды.

Сабақ барысында оқытушы Нұрсейітова Р.З. студенттерге арналған математикалық турнир дайындады. Оқытушы Рахметова Р.З. «Путешествие в мир математики» атты дөңгелек үстел өткізді. Физика пәнінің оқытушысы Боранбаева З.Ж. «Мир физики - прекрасный мир!» атты сайыс сабағын өткізді. Оқытушы Сарсенбаева Р.А. өз сабақтарында зияткерлік ойын өткізді. Физика оқытушысы Темірбаева А.А. «Кто хочет стать миллионером?» атты зияткерлік ойын түрінде сыныптан тыс іс-шара өткізді. Информатика пәнінің мұғалімі Нугманова А.Б. «Информатика = НаrdWaге + SoftWare + ВгаnWаге» интеллектуалды ойының өткізді. Оқытушы Алпысбаева Р.К. «Своя игра» атты викторина түрінде сыныптан тыс іс-шара өткізді. Математика пәнінің мұғалімі Сатиева С.М. «Знатоки математики» атты зияткерлік ойын өткізді.

Пән апталығы біздің колледжде білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін өткізіледі.