АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 16 Ақпан 2022 03:20

«Тарих және география әлемінде» - жалпы білім беру пәндері апталығы аясында екінші күні

«Тарих және география әлемінде» деп АҚЖКК жалпы білім беру пәндері апталығы аясында тарих және география пәндерінің оқытушылары өткізген күн аталады.

Пән күнінің ашылуына «Эрудиттер» тарихи-географиялық тапсырма дайындалды. Сондай-ақ колледж студенттері мен оқытушыларын «Картадан орынды тап» конкурсымен қарсы алды.

Оқытушы Мадеев Жанат Дулатович «Қазақстан тарихының үздік білгірі» викторинасын, Касимова Марал Даулетовна «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» викторинасын, Садуов Берікжан Қапбасұлы «Географияны білеміз бе?» атты зияттық ойының өткізді. Оқытушылар Збайраева Күлзира Жәнібекқызы мен Ахметов Әлібек Қанапьянович тарих пәнінен «Сен өз тарихынды білесің бе?» атты бірлескен зияткерлік турнир өткізді.