АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Ақпан 2022 06:36

«Тілдер әлеміне саяхат» тақырыбында жалпы білім беру пәндері апталығының бірінші күні

2022 жылдың 14 ақпанында АҚЖКК қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналған «Тілдер әлеміне саяхат» тақырыбында жалпы білім беру пәндері апталығының бірінші күні өтті. Пән апталығы бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамытуға, оқу пәндерін қабылдауды қайта бағдарлауға, білім беделін насихаттауға бағытталған іс-шара.

Колледж фойесі баршаны мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Колледж студенттері мен қызметкерлері «Абай станциясы», «Пушкин станциясы» және «Шекспир станциясы» атты станцияларына барып, қызықты, логикалық сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар мен ребустарды шешті.

Тілдік пәндердің барлық оқытушылары өз сабақтарында «Сиқырлы сандық» квест ойынын, «Не? Қайда? Қашан?», «Полиглот» зияттық ойындарын, «Сөз білгірлері» викторинасын өткізді.

Тілдер күні «Тілдер әлеміне саяхат» зияттық ойынымен аяқталды. ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б, ЧС-12Б топтары жүлделі грамоталармен марапатталды, сондай-ақ ЧС-12Ж және ДОВ-12 топтары белсенді қатысқаны үшін грамоталарға ие болды.