АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 10 Ақпан 2022 11:29

Старостаттың кезекті отырысы

10.02.2022 жылы АҚЖКК старостаттың кезекті отырысы өтті.

Старостат отырыстары оқу процесіне, тәрбие жұмысына, студенттердің сабақтарға қатысуына, студенттің мінез-құлқы мен мәдениеті қағидаларына қатысты мәселелерін талқылау үшін өткізіледі.

Колледж старостаты студенттік бастамаларды дамытуға көмектесу, әкімшілікпен, оқытушылармен және кураторлармен өзара байланысты қолдау үшін құрылған.

Старостат отырысы колледж психологы Г.А. Мазбаеваның қатысуымен өтті, онда «Жақсылық бұрышын» ұйымдастыру ұсынылды, студенттер бұл идеяны қуана қолдады және ұйымдастыру бойынша міндеттерді бөлді.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ж. Шайхина құқық бұзушылықтардың, суицидтің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша старосталармен әңгіме жүргізді, сондай-ақ студенттердің кешігуі мен сабақтан қалуы туралы тақырыптар қозғалды.

ЖІК төрағасы А.Б. Наенко алдағы «Денсаулық фестивалі», «8 наурыз», «Наурыз мейрамы», «Miss Kokshe 2022» іс-шаралары туралы айтып берді. Іс-шараларды дайындауға жауапты топтар тағайындалды.