АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 10 Ақпан 2022 08:41

№3 Педагогикалық кеңес

2022 жылдың 9 ақпанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде №3 жоспарлы Педагогикалық кеңес өтті. 

Педагогикалық кеңестің бірінші кезектегі міндеттері білім беру үдерісі мен оның құрамдас бөліктерінің сапасын дамыту және жетілдіру, оқытушы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.

Оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша директордың орынбасарлары мен бөлім басшылары баяндама жасады.

Әрбір көтерілген тақырып колледждің барлық педагогикалық ұжымымен мұқият талқыланып, қаралды.