АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 27 Қаңтар 2022 10:28

«Жас оқытушыларды колледждің білім беру үдерісі жағдайларына тиімді бейімдеудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар

2022 жылдың 27 қаңтарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Жас оқытушыларды колледждің білім беру үдерісі жағдайларына тиімді бейімдеудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өтті. Модератор АҚЖКК директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары - Румянцев Юрий Васильевич.

Семинардың басым мақсаты оқытушылардың әдістемелік деңгейін арттыру, сондай-ақ жас оқытушылардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруге қажеттілігін дамыту болып табылады.

Тақырып бойынша баяндама жасады:

1. Директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары - Румянцев Юрий Васильевич;

2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Рамазанова Үміт Қайыргелдіқызы;

3. Азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі - Кадыров Рамазан Татжанұлы;

4. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары - Альжанова Динара Хайрулловна;

5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Шайхина Гүлжанар Жақсылыққызы;

6. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары - Ақтаев Әсет Жаңаталапұлы;

7. ОӘБ әдіскері -Тимеев Евгений Александрович.