АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 27 Желтоксан 2021 05:27

Қысқы маскарад балы

2021 жылғы 24 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қысқы маскарад балы өтті.

Ең белсенді студенттерге және біздің қымбатты оқытушыларымызға колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді.

Концерттік бағдарлама бимен және әндермен көңілді өтті. Колледж студенттері жаңа жылдық кештің үздік жұбы атағы үшін жарысты.

Қазылар алқасы қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалады:

1.Жаңа жылдық фотосурет;

2.Костюм;

3.Шығармашылық байқау.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Есенғазы Бекжан және Кенжеқұл Жанелия;

2 орын - Тұрғараев Ерасыл және Павленко Вероника;

3 орын - Богинич Станислав және Кузнецова Анжелика;

Іс-шара соңында барлық қонақтар биге шақырылды.