АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 15 Желтоксан 2021 10:38

«Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу туры

14 желтоқсан күні «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу туры өтті.

Чемпионат барысында қатысушылар 5 модульден тұратын тапсырмалармен белсенді жұмыс жасады:

Модуль А. Дене тәрбиесі процесін әдістемелік қамтамасыз ету.       

Модуль В. Негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дене шынықтыруды оқыту.

Модуль С. Дене шынықтыру саласындағы қосымша білім беру бағдарламалары бойынша сабақтан тыс жұмыстар мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.

Модуль D. Педагогикалық жағдайды шешу (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі).

Модуль E. «МЕН-ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІМІН» мастер-класын әзірлеу және өткізу.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды ФК-22 тобының студенті Аманжолова Камила, ІІ орынды ФК-32 тобының студенті Шарепин Евгений иеленді. ДТ-41 тобының студенті Ибраева Нұрсұлу І орын иеленді. Ол «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатында біздің колледждің намысын қорғайтын болады.

Барлық қатысушылар осы іріктеу байқауында лайықты өнер көрсетті және чемпионатқа қатысқанын растайтын сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!