АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 15 Желтоксан 2021 06:24

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу туры

13 желтоқсан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатына колледжішілік іріктеу туры өтті.

Байқау 5 модульден тұрды:

Модуль 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу (біріктірілген).

Модуль 2. «Көркем - эстетикалық даму».

Модуль 3. Сәндік-қолданбалы өнер. Тәрбиешінің балалармен бірлескен ұйымдастырушылық әрекетін көрсету үшін сәндік сурет үлгісін жасау.

Модуль 4.  «Денсаулық» білім беру саласы. Балалармен таңертеңгілік гимнастиканы дайындау және өткізу.

Модуль 5. «Құрастыру және робототехника». Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған робототехника сабақтарын дайындау және өткізу.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын ДОВ-42 тобының студенті - Сиряк Юлия, ІІ орын ДОВ-42 тобының студенті - Чабан Мария иеленді. ДОВ-42 тобының студенті Самбурова Анастасия І орынға ие болды және «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатында біздің колледждің намысын қорғайтын болады. 

Біздің студентке сәттілік тілейміз!