АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 14 Желтоксан 2021 05:09

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" зияткерлік ойыны

Алдағы мемлекеттік мереке, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, 2021 жылдың 13-желтоқсанында ОК-21Б тобының кураторы, Жаркина М.А

екінші курс білім алушылары арасында "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында зияткерлік ойын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: азаматтық және патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, өз халқының тарихи мұрасын құрметтеуге, жауапкершілікке, ұжымшылдыққа, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; ой-өрісін кеңейту.

 Ойын 6 кезеңнен тұрды. Білім алушылар белсенді қатысып, үздік қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ойын барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, Отанымыз туралы көптеген жаңа және қызықты ақпараттар алды.