АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 14 Желтоксан 2021 03:13

Жасөспірімдер арасында футзалдан «Тұлпар СК» спартакиадасы

2021 жылғы 9-10 желтоқсан аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жасөспірімдер арасында футзалдан «Тұлпар СК» спартакиадасы өтті. Аталған жарыстардың мақсаты Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері арасында футзалды танымал ету және дамыту.

Жарысқа 36 команда, 300-ге жуық оқушы қатысты. Командалар келесі мамандықтар бойынша бөлінді: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Дене шынықтыру және спорт». Аталған жарыстар олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Қорытындысы бойынша келесі топтар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

1- орын - ДТ-41;                  

2- орын - ФК-32;           

3- орын - ДТ-31,ЧС-22С.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты орындармен құттықтаймыз және жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмауға, үлкен жетістіктерге ұмтылуға, әрқашан табысты болуға тілектеспіз.