АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 13 Желтоксан 2021 06:47

«Кафедраның үздік оқытушысы – 2021» байқауы

2021 жылдың 10 желтоқсанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Кафедраның үздік оқытушысы – 2021» байқауы сәтті өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды:

1.         «Сабақ - шеберліктің шыңы»;

2.         Өзін-өзі таныстыру;

3.         Даңқ минутасы;

4.         Импровизациямен педагогикалық жағдай.

Құзыретті қазылар алқасының шешімімен біздің қымбатты қатысушыларымызға келесі номинациялар берілді:

1.         Ибраева Гүлмайра Ескендірқызы – Гран-ПРИ;

2.         Нурсеитова Райхан Зайнулкабиденқызы – Оқытушы-зерттеуші;

3.         Мадеев Жанат Дулатұлы - Оқытушы-шебер;

4.         Қасымов Марат Жолымтайұлы – Ең позитивтік тұлға;

5.         Жадрина Нұржамал Қайырбекқызы - Ең тапқыр тұлға;

6.         Дашковская Евгения Викторовна - Ең жасампаз тұлға;

7.         Жұпархан Әсемгүл Жұпарханқызы – Ең әртістік тұлға;

8.         Бейсембаева Гүлбану Асанқызы - Идеялар генераторы.

Біздің тамаша оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және осы байқауды ұйымдастырғаны үшін Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасына алғыс айтамыз!