АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 11 Желтоксан 2021 03:37

«Қазақстан: тарих және тағылым» атты оқырмандар конференциясы

2021 жылғы 9 желтоқсан күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан: тарих және тағылым» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар біздің студенттерге «Тәуелсіздік» ұғымы туралы тереңірек түсінік беруге тырысты, тәуелсіз елдің жетістіктерімен таныстырып, бар білімдерін нығайтты. Мереке қарсаңында презентация, фильм және слайд түрінде ел тарихына шолу жасалды. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды