АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 10 Желтоксан 2021 09:52

«Оқу орнының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің басшылығы, оқытушылар құрамы қызметінің негізгі бағыттары туралы» кеңес

2021 жылғы 8 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Оқу орнының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің басшылығы, оқытушылар құрамы қызметінің негізгі бағыттары туралы» кеңес өтті. Жиналыста модератор рөлінде АҚЖКК директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, полковник Нұрмағамбетов Талғат Қайырбекұлы сөз сөйледі. 

АҚЖКК оқушыларының құқыққа қарсы және қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауына жол бермеу бойынша АҚЖКК, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеттерін анықтау өткен кеңестің басым мақсаты болып табылады.

Кеңесте баяндама жасады:

1.         АҚЖКК директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, полковник Нұрмағамбетов Талғат Қайырбекұлы;

2.         Өртке қарсы қызмет ардагері Ғалымжанов Роберт Раисович;  

3.         Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Курсанова Рәзия Талғатқызы;

4.         Көкшетау қаласының ювеналды полициясының өкілі, полиция майоры Нұрмағамбетова Виктория Кәрімжанқызы.

Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру және колледж оқушыларымен алдын алу жұмысының жаңа жолдары мен тәсілдерін әзірлеу бұл біздің колледж тынымсыз жұмыс істейтін нәрсе. Осындай іс-шараларды өткізу бізге мәселені егжей-тегжейлі зерделеуге, сондай-ақ әртүрлі шешімдерді табуға мүмкіндік береді.