АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 10 Желтоксан 2021 09:40

«Жас мамандарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың артуын ескере отырып, «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының студенттерін оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар

2021 жылдың 8 желтоқсанында Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Жас мамандарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың артуын ескере отырып, «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының студенттерін оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинарда модератор рөлінде АҚЖКК директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, полковник Нұрмағамбетов Талғат Қайырбекұлы сөз сөйледі.

Азаматтық қорғаныс кафедрасының студенттерін оқыту және даярлау жүйесінде жаңа тәсілдерді іздеу және әзірлеу, еңбек нарығында болашақ білікті және сұранысқа ие мамандар ретінде колледж түлектерін кәсіби даярлаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу семинардың басым мәселелері.

Семинарда баяндама жасады:

1.         Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова Үміт Қайыргелдіқызы;

2.         АОӘБ басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Румянцев Юрий Васильевич;

3.         Өртке қарсы қызмет ардагері Ғалымжанов Роберт Раисович;

4.         Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маманы Ковалев Дмитрий Анатольевич.

5.         Азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі, азаматтық қорғаныс полковнигі Кадыров Рамазан Татжанұлы.

Бұл іс-шараның негізгі міндеті - болашақ мамандарды оқыту және тәрбиелеу сапасын жақсарту, оқу процесін жетілдіру және жаңа биіктерге жету.