АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 09 Желтоксан 2021 11:56

Суда құтқару орталығының салтанатты ашылу рәсімі

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Суда құтқару орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты таспаны кесу құрметі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Атығаев Нұрлан Бауыржанұлына және колледж директоры Төлебаев Әскербек Жамантайұлына  берілді.

Сонымен қатар, іс-шараға «Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және Авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары шақырылды. Құтқарушылар сүңгуірлік киімде жүзу ерекшеліктерін көрсетті. Біздің колледждің студенттері суда құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Суда құтқару орталығының көптен күткен ашылуы - маңызды оқиға. Болашақ мамандарды даярлау процесін жетілдіру біздің колледждің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Орталықтың ашылуы жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктердің ашылуына әкеледі. Біздің колледж әрқашан даму мен шекараны кеңейтуге ұмтылады.