АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 02 Желтоксан 2021 15:32

Holmatro» авариялық-құтқару жабдығы бойынша оқыту семинары

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Азаматтық қорғаныс кафедрасында арнайы пәндер оқытушыларымен және өндірістік оқыту шеберлерімен оқыту семинары өткізілді. Аталған семинарда ЖШС Пожснаб – «Құтқару техникасы» коммерциялық директоры В.И. Лашкевич спикер болды.

Семинардың мақсаты - оқытушылар мен өндірістік шеберлерді «Holmatro» авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысы, қызмет көрсету принциптерімен және негізгі тактикалық-техникалық сипаттамаларымен таныстыру.

Білім алушыларды сапалы дайындау және болашақ мамандығын игеру мақсатында АҚЖКК басшылығымен колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелеріне тиісті көңіл бөлінеді.

Осы мақсатта «Holmatro» фирмасының аралас авариялық-құтқару құралдары сатып алынды. Бұл құралдардың бірегейлігі - олар сыртқы энергия көздеріне қосылмай, автономды жұмыс істеуге техникалық бейімделген және оларды су астында пайдалануға болады.

Семинар спикері оқу фильмдері мен презентацияларын, сондай-ақ аралас авариялық-құтқару құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ құралмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің негізгі талаптары жеткізілді.

Семинардың әрбір қатысушысы авариялық-құтқару құралдарының техникалық мүмкіндіктерін сынап көрді.

Соңында спикер В.И. Лашкевич семинарды қорытындылап, семинарға белсенді қатысқаны үшін аудиторияға алғысын білдірді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Кафедра әдіскері Магадилова А.С.