АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 30 Қараша 2021 08:38

Студент жетістігі!

2021 жылдың 16-21 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР-ның Тұңғыш Президенті-Елбасының сынақ спорт түрлерінен ҚР-ның VI чемпионаты өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ФК-12 Б тобының студенті Баранов Владимир 16-17 жас аралығы арасында чемпион атанды! Айта кетсек,

  • 26 нәтижемен абсолюттік біріншілікте президенттік сынақ спорт түрі бойынша І орын;
  • 12.00 нәтижемен 100 м спорт түрі бойынша І орын;
  • 12 нәтижемен ату спорты бойынша ІІІ орын;
  • 40,96 нәтижемен допты лақтыру спорт түрі бойынша ІІІ орын;
  • 19 нәтижемен биік белтемірге тартылу спорт түрі бойынша ІІІ орын;
  • 265 нәтижемен секіру спорты бойынша ІІІ орынды иеленді;

Владимирді осы жетістігімен шын жүректен құттықтай отыра, тек қана биіктерден көріне беруін тілейміз!