АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 26 Қараша 2021 10:01

«Өрт сөндіруші-құтқарушы ерлік мамандығы» тақырыбында ашық кураторлық сағат

2021 жылдың 25 қарашасында Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Көкшетау қаласының 2-МӨСБ аумағында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлік еңбегін дәріптеу, сондай-ақ жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында ПБ-12С тобымен «Өрт сөндіруші-құтқарушы ерлік мамандығы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Бөлім қызметкерлері студенттерді өрт-құтқару бөлімшелерінің күнделікті қызметімен, қызмет атқару кезеңінде өрт сөндіруші-құтқарушының тұрмысы қалай ұйымдастырылғандығымен таныстырды, өрт сөндірушілер өз қызметінде қандай қиындықтарға тап болатынын түсіндірді, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланатын жабдықтарды көрсетті.

Экскурсия барысында білім алушыларға құтқарушылар қолданатын өзіне-өзі және өзара көмек құралдарын сынап көруге, төтенше жағдайларды жою кезінде сөндірудің заманауи әдістері мен қорғау құралдары туралы білуге мүмкіндік берілді.

Топ кураторы Акиньшин Н.А.