АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 16 Қараша 2021 10:18

«Құрылыс материалдары мен конструкцияларының өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша «Оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану» мастер-классы

2021 жылдың 15 қарашасында азаматтық қорғау кафедрасында «Оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану» атты мастер-класс өтті.

Сабақтың тақырыбы: «Құрылыс ерітіндісі».

Курс / топтар: 2 ТЖ-21С (Б)

Сабақтың мақсаты: Өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін практикада қолдану.

Сабақтың міндеттері: қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, қажетті материалдарды зерттеу, мақсаттылықты, жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал ету, өз бетінше жұмыс жасау кезінде оқушылардың анықтығын тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, пәнге қызығушылығын танытты және жақсы білімдерін көрсетті.

Оқытушы: Сағатаев Асқар Шұғайұлы.