АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 17 Қараша 2021 04:26

Халықаралық студенттер күнімен!

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі барлық студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтайды!

Оқытушылар құрамы мен колледж әкімшілігі білім алушыларға шын жүректен зор денсаулық, оқуда табыс, жарқын әсерлер және көңілді студенттік жылдар тілейді!

2021 жылдың 17 қарашасында АҚЖКК жатақханасының Студенттер кеңесі мерекеге «Студенттік өмір туралы барлығы» ақпараттық стендін дайындады.

Бұл стенд жатақхана кеңесінің мәдени-бұқаралық, спорттық, ақпараттық, санитарлық-тұрмыстық және тәртіптік секторлары жұмысының қорытындыларын қамтиды. Студент күніне орай фотоматериалдар, мерекенің шығу тарихы туралы ақпарат, құттықтаулар мен әзіл-оспақ өлеңдер дайындалды.