АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 16 Қараша 2021 04:04

«Отанды қорғау – парызым» тақырыбында ашық сабақ

2021 жылдың 16 қараша күні ЧС-22 Б оқу тобында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Отанды қорғау – парызым» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты білім алушыларға мәтіндер арқылы өз ойын еркін жеткізуге дағдыларын қалыптастыру және Отанды, қорғау әр Қазақстандық азаматтың парызы екендігін түсіндіру.

Жалпы, жасөспірімдерді отан сүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту.

Сабақ барысында шекара қызметінің қызығы мен қиындығы туралы бейне ролик көрсетіліп, білім алушалардың әскер қатарына қызмет етуге деген қызуғышылықтары арттырылды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кеңес одағының батырлары мен Қазақстанның халық қаһармандарының суреттерін көрету арқылы, өр рухты батырлардың ерліктері дәріптелді. Бұл өз кезегінде жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтіні  анық. Сабақ қызықты, тартымды, өз деңгейінде өтті.

Азаматтық қорғау кафедрасы

Шаяхимов Д.К.