АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 12 Қараша 2021 04:54

«Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел

2021 жылғы 11 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыс жоспары шеңберінде «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқытушылар Нугманова А.Б., Бекжанова М.Е., Герасимова А.Ф. оқу үрдісінде қолданбалы бағдарламаларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. LearningApps, Kahoot, Wordwall және т.б. бағдарламалардың көмегімен сабақты жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдері құрылады. Platonus ААЖ-дағы «Чат» және «Вебинар» модульдерінде оқытушылар қашықтықтан оқыту форматында студенттермен өзара әрекеттестік жасайды.

Бүгінгі таңда білім берудегі заманауи бағдарламалардың пайдасы зор. Білім беру технологиялары өзекті тақырып және біздің колледж оны дамытуды жалғастырады. Жақын арада біздің студенттерге, сондай-ақ оқытушыларға уақытпен бірге дамуға көмектесетін көптеген қызықты іс-шаралар жоспарланған.