АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Қараша 2021 03:25

Колледждің түлегі - бокстан әлем чемпионы!

2021 жылдың 25 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Белград қаласында "Штарк Аренада" бокстан 21-ші Әлем Чемпионаты өтті.
Қазақстандық Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Теміртас-біздің колледждің 2005-2009 ж. Дене шынықтыру және спорт мамандығының түлегі болып табылады. Бокстан КСРО спорт шебері, жоғары санатты АҚЖКК Дене шынықтыру және спорт оқытушысы - Курманов Кенжебек Калиевич чемпионның бірінші жаттықтырушысы және тәлімгері. Кенжебек Калиевич Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Министрліктің төсбелгісіне ие болды.
Ол алтын медаль иегерінің спорттық мансабына үлкен үлес қосты.
Біз жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!