АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 06 Қараша 2021 03:16

№ 2 педагогикалық кеңес

2021 жылдың 5 қарашасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде № 2 педагогикалық кеңес өтті.

WhatsApp Image 2021 11 08 at 09.00.47
Педагогикалық кеңестің міндеті - білім беру процесі мен оның құрамдас бөліктерінің сапасын дамыту және жетілдіру, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.
№1 және №2 оқу корпусының психологтары Г.А. Мазбаева және Е.Е. Куриленко жаңа қабылданған студенттерді колледжде оқуға бейімдеу тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж. Шайхина қыркүйек-қазан айларына сабаққа қатысу талдауын ұсынды. Сондай-ақ оқу үлгерімінің қорытындылары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары У.К. Рамазанова баяндама жасады.
Көтерілген тақырыптар талқыланып, жан-жақты қаралды.
Айта кету керек, педагогикалық кеңеске АҚЖКК студенттік парламентінің Президенті Наталья Дезорцева да қатысты.
Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша колледж директоры Әскербек Жамантайұлы қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда командалық рухты арттырудың маңыздылығын атап өтті.