АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 03 Қараша 2021 08:32

Ашық сабақ

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасында  01.11.2021 ж. күні "Іздестіру-құтқару жұмыстары" пәні бойынша Тж-21С (к) тобында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы: Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу ауданын барлау.

Сабақтың мақсаты: Білімалушыларды құтқарушылардың жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдерімен таныстыру, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, және жұмыс барысында қауіпсіздік ережерелерімен таныстыру.  

Сабақ барысында білімалушылар белсенділік танытып, өздерінің мамандыққа және сабаққа деген қызығушылықтарын байқатты. Білімалушылар сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасып, білімдерін ортаға салды. Ашық сабақ барысында презентациялар, бейнематериалдар, иллюстрациялар қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті.

Сабақ өткізген оқытушы: Марат Азат Маратұлы