АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 02 Қараша 2021 04:56

Мұғалім және студент жетістіктері

2021 жылғы 27-30 қазан аралығында Көкшетау қаласында Президенттік көпсайыстан жабық кешенде облыс біріншілігі өтті. 16-17 және 50-59 жас аралығындағы жарыстарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ФК-12 Б тобының студенті Баранов Владимир және дене шынықтыру мұғалімі Шумаков Юрий 1-ші орынға ие болды.  Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өз студенттеріне үлгі болатын және жаңа жетістіктерге жетелейтін оқытушылардың тамаша жұмысының нәтижесі. Владимир мен Юрий Алексеевичті осы жетістіктерімен құттықтаймыз және болашақта сәттілік тілейміз!

Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы