АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 29 Қазан 2021 03:42

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі студенттердің табысты оқуға тиімді уәждемесі ретінде

28.10.2021 ж. АҚЖКК-де «Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі студенттердің табысты оқуға тиімді уәждемесі ретінде» тақырыбында ашық пікірталас алаңы шеңберінде талқылау өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі оның сапасына қойылатын талаптардың артуымен сипатталады, бұл оқытудың жаңа технологияларын ғана емес, сонымен қатар оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың тиісті нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

Оқытушылар Абильтаева с. Б., Корнева О. С., Шаяхимов Д. К., Михайлова С. Н. осы тақырыпта баяндамалар жасады. Әр түрлі деңгейдегі оқу жетістіктерін объективті бағалау бойынша мәселелер қозғалды, сондай-ақ оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау критерийлерін әзірлеу бойынша ұсыныстар айтылды. Талқылау барысында оқытушылар білімді ағымдағы бағалау, білім алушылардың оқытылатын пәндер мазмұнын меңгеру сапасы бойынша мәселелерді талқылады.

Бұл бағалау жүйесі, жеке өсуді қамтамасыз ете отырып, оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілін қамтамасыз ететінін, кәсіби құзыреттердің қалыптасуына үздіксіз және тиімді бақылау мен өзін-өзі бақылауды жүзеге асыратынын атап өту керек. 

Директордың ОӘжҒЖ жөніндегі орынбасары Перешивкин И.В.