АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 28 Қазан 2021 11:24

Кәсіби орыс тілі бойынша ашық сабақ

27.10.2021 жылы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің азаматтық қорғау кафедрасында «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы мәтіндерді конспектілеу және аннотациялау» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты жазбаша жұмыстардың түрлері туралы білімді тереңдетуге ықпал ету, жер сілкінісінің пайда болу себептері, белгілері және осы табиғи құбылыста өмір сүру әдістері туралы жалпы ақпарат беру, сонымен қатар «аннотация» ұғымын оның түрлерімен қатар зерттеу. Білім алуға деген ұмтылысты тәрбиелеу, лексикалық қорды кеңейту, ақпаратты салыстыру, талдау және жалпылау.

Сабақ барысында білім алушылар мәтіндермен, кітаптармен, үлестірмелі материалдармен, сөздікпен жұмыс істеді. Оқушылар белсенді қатысып, пән бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Кокишева Анаргуль Кенесовна