АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 27 Қазан 2021 03:44

Қазақстан Республикалық Чемпионатының жүлдегерлері

Ақтау қаласында ересектер арасында каратэ WKF бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 25 қаладан 200 спортшы қатысты.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары Тәшім Әділ Талғатұлы және Дик Илья Вадимович Ақмола облысының құрама командасының құрамына кірді.

Тәшім Әділ Талғатұлы 4 күрделі жекпе-жек өткізіп, үшеуін жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол қарсыласынан жеңіліс тапты.

Дик Илья Вадимович 4 қиын жекпе-жек өткізді, оның үшеуін жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол жеңісті қарсыласына берді.

Жарыс қорытындысы бойынша Тәшім Әділ Талғатұлы мен Дик Илья Вадимович екінші орынды иеленді.

Оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз.

Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы