АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 03:03

Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Мен өмірді таңдаймын» семинары

2021 жылдың 20 қыркүйегінде АҚЖККпедагог-психологы Е.Е. Куриленко «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтарының студенттерімен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша практикалық семинарлар өткізді. Бұл семинарлардың мақсаты студенттерді өмірдегі қиындықтарға дұрыс жауап беруге және өз қателіктерін түсінуге, әрекеттері мен салдарын талдауға, өмірдің қиындықтарын жеңуге, дұрыс таңдау жасауға және өзі мен басқаларға салдары үшін жауап беруге, құрдастарымен және ересектермен байланыс орнатуға, ағзаның стресске төзімділігін арттыруға үйрету болды.

Психолог: Куриленко Екатерина Евгеньевна