АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021 03:41

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Тілге құрмет- елге құрмет» атты сыныптан тыс сабақ

21.09.2021 жылы Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында азаматтық қорғаныс кафедрасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сыныптан тыс сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: білімалушылардың қазақ тілі үйренуге ынтасын арттыру, шығармашылыққа баулу, тілдің лексикалық қорын кеңейту, тілін үйрену арқылы қазақ поэзиясының құдерітін танып білуге, өлеңді нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру.

Сабақ барысында білімалушылар белсенді қатысып, қазақ поэзиясына деген қызығушылық танытып, өлеңді мәнерлеп оқуда өз шеберліктерін танытты.

 Сабақ соңында, білімалушылар топ болып Ескендір  Хасанғалиевтың «Жасыл жайлау» әнін орындап шықты.

Шаяхимов Дәулет Қуандықұлы