АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 16 Қыркүйек 2021 09:29

«Тілге құрмет, елге құрмет» атты фестиваль

2021 жылдың 15 қыркүйек күні Азматтық қорғаныс жоғары көпсалалы коллежінің азаматтық қорғаныс каферасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан халықаралық тілдер мерекесі күні қарасыңда «Тілге құрмет, елге құрмет» атты студенттер арасында іс шара өткізілді.

Аталған шараның мақсаты: - Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, білімалушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Білімалушыларды өлең оқуға, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Әр ұлттың өкілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең шумақтарын оқып, тіл білу деңейлерін көрсете білді. Әсіресе, білімалушылар Һәкім Абай Құнанбаевтың өлеңдерін қазақ тілінде оқып, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызғушылқтарын көрсете білді. Атлған іс-шара барысында білімалушылар әр ұлттың биін билеп, домбырамен ән шырқап өз өнерлерін ортаға салды. Тілдер мерекесі аясында өткізілген шара өз деңгейінде жақсы өтті. Келген қонақтар мен қатысушылар жақсы әсер алып қайтты.

Магадилова А.С., Кокишева А.К., Шаяхимов Д.К., Анафина А.К.