АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 10 Қыркүйек 2021 11:51

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу» кураторлық сағаты

2021 жылғы 6 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбына бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.

Мақсаты: студенттердің біздің өміріміз заңдармен реттелетінін, қоғамдағы адам осы қоғамның заңдарынан босатыла алмайтындығын түсінуіне ықпал ету, өзінің және басқалардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды тәрбиелеуге ықпал ету. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу.

Білім алушылар сұрақтар қойып, осы сұрақтарды талқылау кезінде өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті.