АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 21 Мамыр 2021 12:06

Ақмолалық қоғамдық құтқарушылар қатарында жаңа толықтыру

Ақмола облысында шомылу маусымы басталар алдында облыс құтқарушылары қоғамдық құтқарушыларды адамдарды су айдындарында құтқару әдістері мен тәсілдеріне, сондай-ақ зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйретеді, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

            2021 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін ресми түрде басталатын шомылу маусымы қарсаңында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақмола облысының су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

            Осылайша, азаматтардың қауіпсіз демалуы мен шомылуын қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы су объектілерінде және спорттық жаппай демалу, туризм және спорт орындарын ұйымдастырушы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдерінен келіп түскен өтінімдерге сәйкес халықтың шомылуы мен демалуы үшін бөлінген жағажайлар акваториялары учаскелерінің суға шомылу үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне және олардың пайдалануға жарамдылығына тексеру және тазалау басталды. Қазіргі уақытта 41 жағажайды тексеруге 16 өтінім келіп түсті. Жағажайларды тексеру барысында сүңгуірлік тексерудің тиісті актілері беріледі, сондай-ақ ҚР ІІМ 2016 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген қоғамдық құтқару бекеттері үшін құтқарушыларды даярлау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қоғамдық құтқарушыларды су айдындарында адамдарды құтқару әдістері мен тәсілдеріне оқыту және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізіледі, құтқарушылардың курстарынан өткені туралы куәліктер беріледі.

            Бүгін Қопа көлінде, Жедел-құтқару жасағының базасында "Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің" 4 құтқарушы-түлектерінің 2 күндік теориялық және практикалық сабақтары өткізілді, олар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының арқасында жастар практикасы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы Зеренді ауданының қоғамдық құтқару бекеттерінде жазғы шомылу маусымында жұмысқа орналасып, жұмыс істей алады.

Медиа