АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 03:33

Өрт-құтқару дайындығы пәні бойынша ашық сабақ

2021 жылдың 08 сәуірінде азаматтық қорғау кафедрасында ТЖ-12 С тобындағы АҚЖКК оқу өрт сөндіру бөлімінде: Өрт-құтқару дайындығы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді: құтқару арқанын ғимарат конструкциясына бекіту (төрт тәсілдің бірі) және зардап шегушіге кие отырып, қос құтқару ілмегін байлау тақырыптары бойынша.

Сабақтың бірінші кезеңінде қауіпсіздік техникасы мәселелері қарастырылды, сондай-ақ тактикалық-техникалық сипаттамалар және төтенше жағдайларда құтқару арқанын қолдану тәсілдері бойынша сауалнама жүргізілді.

Екінші кезеңде ғимарат конструкциясына бекіте отырып, құтқару арқанын практикалық қолдану және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін зардап шегушіге кие отырып, қос құтқару ілмегін байлау жүргізілді.

Нормативті орындау барысында келесі студенттер үздік нәтижелер көрсетті: Таспаев О.К., Тишибай А. Ж., Мухаяров Н. М., Стоногин М. В., Малгельдинов С. С.

Бұл жаттығу авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде зардап шегушіні құтқару кезінде дағдыларды қалыптастырады.

АҚ кафедрасының оқытушысы Алмуратов Н.Т.