АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 09 Сәуір 2021 06:30

«WorldSkillsKazakhstan - 2021» аймақтық чемпионаты

5 сәуір мен 7 сәуір аралығында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында өткен «Төменгі сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkillsKazakhstan - 2021» чемпионатына колледж атынан «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 4 курс студенті Хавдалгалам Батиза қатысқан болатын. Жалпы чемпионатқа өңіріміздің 5 түрлі колледжінен студенттер бақтарын сынады. Чемпионат барысында қатысушылар 5 модульден тұратын тапсырмалармен белсене жұмыс жасап,  болашақ педагог ретінде кәсіби даярлықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.  «WorldSkillsKazakhstan - 2021» чемпионатының қорытындысы бойынша Хавдалгалам Батиза чемпионатқа қатысқандығын растайтын сертификатпен марапатталды.

Амиртай С.