АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 09 Сәуір 2021 06:29

«Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS Aqmola 2021» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты.

2021 жылдың 7 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS Aqmola 2021» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

Аталған чемпионатқа екі команда қатысты:

  • Степногорск қ. «Мақсат» колледжінің командасы.
  • Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы

Жарысқа қатысушылар бағдарламаның 7 модулі бойынша жарысты:

  • Жауынгерлік киім мен жалпы әскери газқағарларды кию
  • Альпинистік дайындық: зардап шегушіге кие отырып, қос құтқару ілмегін байлау.
  • ТЖ аймағынан жарылыс қаупі бар жүктерді іздеу және эвакуациялау
  • Дәрігерге дейінгі көмек көрсету және зардап шегушіні жауынгерлік киімді пайдалана отырып тасымалдау
  • Өрт-техникалық жабдықтармен жұмыс; өрт жеңдерін орау, қосу және тарқату
  • Оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу
  • Құтқарушылар эстафетасы

Жарыстың үш кезеңі оқу-өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында және жылу түтін камерасында өтті, келесі төрт кезең балалар өрт-құтқару дайындығы бойынша спорттық манежде жарысты.

«WORLDSKILLS Aqmola 2021» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионатының қорытындысы бойынша «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша бірінші орынды Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы, екінші орынды Степногорск қ. «Мақсат» колледжінің командасы иеленді.

Чемпионат қатысушыларын құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз!