АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 05:09

«WorldSkillsKazakhstan - 2021» аймақтық чемпионаты

7 сәуір мен 9 сәуір аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша «WorldSkillsKazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өтті.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 4 курс студенті Агеев Никита, жетекшісі Кокан Мерген Коканұлы қатысады.

 Чемпионат бағдарламасына «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша келесі модульдер кіреді:

8 сәуір

«WorldSkills Kazakhstan–2021» Аймақтық чемпионаттың салтанатты ашылуы.

1-тур. А модулі. «Дене тәрбиесі үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету».

Тапсырма: Электрондық портфолио құру.

2-тур. В модулі. Негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дене шынықтыруды оқыту.

3-тур. С модулі. «Дене шынықтыру саласында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша сабақтан тыс жұмыстар мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу».

9 сәуір

4-тур. D модулі. Педагогикалық жағдайды шешу (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі).

5-тур. Е модулі. «МЕН-ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІМІН» мастер-классын әзірлеу және өткізу.

Чемпионатты қорытындылау. Чемпионаттың жабылуы

Педагогикалық пәндер кафедрасы